Қазіргі таңда алкогольді шамадан тыс тұтыну жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ішімдікке әуестік алғашында байқалмай басталғанымен, уақыт өте келе денсаулықтың сыр беруіне, тұрмыстық жанжалдарға және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.
Кей адамдар ішімдікті күйзелістен арылудың немесе уақытша тыныштық табудың амалы деп түсінеді. Алайда бұл – жалған шешім. Алкоголь мәселені шешпейді, керісінше адамның психологиялық және әлеуметтік жағдайын одан әрі қиындатады.
Ішімдік адамды еңбекке қабілетсіз етіп, жауапкершілік сезімін әлсіретеді, мінез-құлқына кері әсер етеді. Оның зардабын тек ішімдік ішкен жан емес, отбасы мүшелері мен айналасындағы адамдар да тартады.
Сондықтан қоғам болып салауатты өмір салтын қалыптастыру аса маңызды. Дұрыс орта, спорт пен рухани дамуға бет бұру – алкогольге тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдары.
Қорытындысында айтарымыз, алкоголь – жарқын болашақтың кепілі емес. Әр адам саналы таңдау жасап, өз өмірі мен ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Ақбота Жәнібекова



