Алкоголь – қоғам дерті

Бүгінде алкоголь – тек бір адамның емес, тұтас қоғамның күрделі мәселесіне айналып отыр.

Ішімдікке тәуелділік байқатпай басталып, уақыт өте келе үлкен өкінішке, денсаулықтың әлсіреуіне және отбасылық келеңсіздіктерге әкеліп соқтырады. Көп жағдайда адамдар алкогольді күйзелістен арылудың жолы деп қабылдайды. Бірақ бұл – уақытша ғана алдамшы сезім. Шын мәнінде, ішімдік адамды проблемадан алыстатпайды, керісінше оны тереңдете түседі.

Алкоголь адамның еңбекке қабілетін төмендетіп, мінез-құлқын өзгертеді, қоғамдағы жауапкершілігін әлсіретеді. Мұның салдары тек жеке адамға емес, оның жанұясына, балаларына, айналасындағы адамдарға ауыр тиеді. Сондықтан әр адам өз өмірі мен болашағына бей-жай қарамай, салауатты өмір салтын таңдауы тиіс. Спортпен айналысу, дұрыс орта қалыптастыру, рухани дамуға көңіл бөлу – ішімдіктен сақтанудың тиімді жолы. 

Қорытындылай келе, алкоголь – бақытқа апаратын жол емес. Болашағымыз жарқын болсын десек, әрқайсымыз дұрыс таңдау жасауымыз керек.

Айдана Қуанышқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT