Алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасаған тұлға жауаптылықтан босатылмайды


Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылады.

Осы ретте, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Динара МұратқызыКитенбаевамен Атырау облысы Әділет департаментінің қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізілді.

Құқықтық оқыту барысында, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына енгізілген өзгерістер, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары және қолданыстағы заңнама талаптарына түсіндірме берілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29  желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының  26-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

      Егер алдыңғы мемлекеттік лауазыммемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайлардықоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қараудымемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасағанкезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілергеқатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзегеасырады.

     Егер алдыңғы мемлекеттік лауазыммемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, ондаосы Қағидалардың 2124 және 25тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қараудымемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасағанкезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілергеқатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзегеасырады.

    Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің уәкілеттіадамы:

      1) қызметтік тергеп-тексеруді тоқтата тұружәне қайта бастау үшін негіз болып табылатынматериалдар мен мәліметтерді уақтылы береді;

     2) мемлекеттік қызметшінің тәртіптікжауаптылығы мәселесін жан-жақты және объективтіқарау үшін өзге де жәрдем көрсетеді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
ҚР Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы»
ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы атап өтілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT