Alatau City – жаңа дәуірдің заманауи қаласы

 Президент Жолдауында көтерілген маңызды бастамалардың бірі – Alatau City қаласын салу. Бұл жоба еліміздің урбанистикалық дамуына жаңа серпін беріп, Алматы агломерациясындағы халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал етпек.

 Ең алдымен, жаңа қала салу арқылы тұрғын үй тапшылығын азайту, қолжетімді баспана санын көбейту және инфрақұрылымды дамыту мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, Alatau City заманауи архитектуралық шешімдерге негізделіп, көліктік-логистикалық қолайлы жүйемен қамтылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.

 Ең бастысы, Alatau City – жасыл технологияларға негізделген, экологиялық таза қала болуы тиіс. Президент атап өткендей, еліміз жаңа дәуірде тұрақты даму қағидаттарын ұстанып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ұмтылуы қажет. Мен Мемлекет басшысының жолдауын қолдаймын. Мұндай экологиялық таза қала еліміз үшін де, дамуы үшін де маңызды. 

                                     Қала тұрғыны
                 Ұзақберген  Сүлейменов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT