Президент Жолдауында айтылған Alatau City жобасы кәсіпкерлер қауымы үшін – ел экономикасына серпін беретін үлкен бастама.
Бұл қала тек тұрғын үйлер мен инфрақұрылым емес, ол – жаңа бизнес экожүйесінің қалыптасатын орны.
Кәсіпкер үшін ең бастысы – тұрақты нарық, жаңа мүмкіндіктер мен серіктестік алаңы. Alatau City дәл осыны ұсынады: инновациялық хабтар, инвестициялық аймақтар, заманауи логистика, технологиялық парктер. Мұнда кәсіп ашуға да, шетелдік әріптестерді тартуға да қолайлы жағдай жасалмақ.
Бұл жоба – Қазақстанның халықаралық брендін қалыптастыратын стратегиялық бастама. Alatau City іске асқанда, ол тек елімізге ғана емес, бүкіл аймаққа экономикалық күш беретін орталыққа айналады. Кәсіпкерлер қауымы үшін Alatau City – инвестиция салуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ашылған үлкен мүмкіндік. Сондықтан бизнес өкілдері бұл бастаманы толығымен қолдайды.
Жұлдыз Жандосқызы,
жас кәсіпкер