Қаладағы көп қабатты үйдің дәлізінде дәрет сындырған ер адамның ерсі қылығы қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында анықталды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, 61 жастағы ер азамат ерсі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай әрекет қоғамдық орында санитарлық талаптарды өрескел бұзу болып саналады.
Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары аудандық сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 55 456 теңге айыппұл салынды.
Аудандық Полиция басқармасы азаматтарға қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалық әрбір тұрғынның азаматтық міндеті екендігін және қоғамнан тәртіп сақтауды сұрап, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарға қатаң шаралар қолданылатынын айтады. Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамның санитарлық ахуалы мен тыныштығына кері әсер етеді.



