ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы ел экономикасының барлық саласын қамтыды.
Соның ішінде менің ерекше назарымды аударған мәселе – агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы айтылған ойлар. Мемлекет басшысы бұл жөнінде нақты атап өтіп, «Агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек» деген тұжырымдамасын жеткізді.
Бұл сөздер ауыл шаруашылығында көптен бері айтылып келе жатқан түйткілдің мәнін ашып тұр. Шын мәнінде, біздің елдің жері кең, табиғи ресурсы мол болғанымен, оның әлеуетін толық пайдалана алмай отырмыз. Президенттің айтуынша, мәселе тек қаржы бөлуде емес, сол қаражаттың нәтижелі жұмсалуында. Қазір елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі жобалар іске асырылып жатқаны қуантады. Мемлекет басшысы бұл жөнінде:
-Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар қатысуда. Инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады. Үш мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Өнімдер әлемнің көптеген еліне тасымалданады,-дейді Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында.
Бұл – ауылдағы халық үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл өнімдері шикізат күйінде емес, дайын тауар түрінде экспортталса, экономика үшін де, халықтың тұрмысы үшін де тиімді болмақ. уыл шаруашылығын жүйелі түрде дамытудың нақты жолы. Әр өңір өз ерекшелігіне сай өнім өндіретін болса, ел ішінде бәсеке артып, өнім сапасы жақсарады. Ең бастысы, фермер мен тұтынушы арасындағы қашықтық қысқарады.
Ізбасар Қарабалиев,
«Бірлік» шаруа қожалығы басшысы