2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті.
Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.
Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.
Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:
- тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
- атаудың өз нұсқасын ұсыну;
- қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;
- конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.
Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.
Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.