Адами капиталдың сапасы – болашақтың кілті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ел дамуы үшін ең маңызды мәселенің бірі – білікті мамандар тапшылығы екеніне ерекше тоқталды. «Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек» деуі – қазіргі жағдайымызға дәл берілген бағалау. Шын мәнінде, соңғы жылдары шетелге кеткен талантты жастардың, тәжірибелі кәсіби мамандардың көбеюі ел ішіндегі кадрлық әлеуетке салмақ түсіріп отыр.Менің ойымша, Президенттің бұл мәселеге арнайы тоқталуы – адами капиталды мемлекеттік деңгейде стратегиялық басымдық ретінде қарастырудың белгісі. Білікті кадрсыз ешбір реформа да, экономика да, жаңа технология да дамымайды. Сондықтан талантты мамандарды елге қайтару – тек әлеуметтік қадам емес, ұлттық мүддені қорғаудың бір жолы. Сондай-ақ көші-қон саясатын қайта қарау туралы ұсыныс та өте орынды. Дүниежүзінде бәсекелестік тек қаржы мен технология үшін емес, «сапасы жоғары адами ресурстар» үшін жүріп жатыр. Техникалық мамандықтарды жетік меңгерген, өз ісінің шебері болған мамандарды елге әкелу, оларды ұлтына қарамай тарту – Қазақстанның жаһандық бәсекеде алға шығуына мүмкіндік беретін маңызды қадам. Елге келген мамандардың Қазақстанда қалуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекет тұрақтылығы мен экономикалық қарқынды өсудің кепілі.
 
Камилла Қалабай, мұғалім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT