Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғаның өз қызметтік өкілеттігін жеке пайда табу мақсатында заңсыз пайдалануы.
Мұндай әрекет елдің дамуына үлкен кедергі келтіретін әлеуметтік құбылыс. Қазақстанда жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғаның өз қызметтік өкілеттігін жеке пайда табу мақсатында заңсыз пайдалануы. Мұндай әрекет елдің дамуына үлкен кедергі келтіретін әлеуметтік құбылыс. Қазақстанда жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Елімізде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң қабылданып, арнайы агенттік жұмыс істейді. Бірақ бұл аздық етеді. Өйткені мемлекет үшін қауіпті кеселді түп-тамырымен жою үшін қоғамда парасаттылық пен адалдық мәдениетін қалыптастыру маңызды рөл атқарады.
Салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыру, жаңа сатыдағы мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесін құру болып табылатын салық қызметі органдарының стратегиялық міндеттерін шешу мақсатында Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердің санасына қызметтік міндеттерін адал орындауын жеткізуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін түп тамырымен құрту үшін оған қарсы әрекеттер жасауға бағытталған елеулі шаралар тұрақты жүргізіліп отырады. Соның ішінде қойылған талаптың бірі - адал болу, заңдармен толық келісімде өмір сүру, егер «мемлекет мүддесіне зиян келтіріп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерге дайындықты көрсе» оған дереу араласу.
Қазіргі таңда Салық төлеушілер кеңседен шықпай-ақ және әр маманмен тікелей қарым-қатынасқа түспей-ақ, өз салық есептілігін электронды түрде тапсырып, есеп бетшелерін көруге, хабарламаларды алып, оған электронды түрде жауап беру үшін толық жағдай жасалған. Бұл ретте азаматтардың құқықтарын қорғау, салық органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қызмет этикасын бұзу деректерін анықтау мақсатында басқармада 5-10-14 «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.
Жоғарыда қолға алынған жұмыстар осы салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, жолын кесуде өз нәтижесін берері анық. Осы орайда оқырмандарға айтарымыз: сыбайлас жемқорлықты жеңу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың борышы. Ендеше, онымен бірлесіп күрес жүргізгенде ғана оңды нәтижеге жетеріміз анық.
Иә, адалдық, әділдік және заңға бағыну – мықты әрі әділетті қоғамның негізі. Оны бірге құру жүрегі Отан деп соғатын әрбір патриот қазақстандықтың азаматтық парызы болса керек.
Рысгүл Таумұрынова,
аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының
салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы