Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Президенттің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында көрсетілген бес жаңа қағида туралы айтып берді.
Спикердің сөзінше, ел Президенті мемлекеттік аппарат жұмысындағы басымдық формасы емес, мазмұны болуы тиіс екенін нақты атап өтті. Сондықтан, бұл жарлықтағы бюрократиядан арылтудың бірінші қағидасы - мазмұнның формадан басымдығы.
«Бүгінде мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы міндеттер мен нәтижелерге қол жеткізуге емес, күнделікті операциялық қызметке бағытталған. Олардың жұмысына алауыздық тән. Мемлекеттік органдар арасында кешенді өзара іс-қимыл жоқ. Мысалы, елді мекенді сумен қамтамасыз етуге әкімдік, ал ауылға су инфрақұрылымын жүргізуге орталық мемлекеттік орган жауап береді. Бірлескен жоспарлау болмаса, біреуі өз жұмысын орындайды, ал екіншісі орындамайды. Ал елді мекен сусыз қалады. Мемлекеттік аппарат қоғам мен бизнестің проблемалары мен қажеттіліктеріне араласып, қажетті шешімдерді тез әрі тиімді қабылдауы және оларды іске асыруы тиіс. Мәселені практикалық шешуді қамтамасыз ететін нақты нәтиже мемлекеттік органдар жұмысындағы тиімділіктің айқындаушы критерийі болады», - деп есептейді А.Шаимова.
ortcom.kz