2026 жылғы жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтары

Салық және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені мәжбүрлеп өндіріп алудың жаңа тәртібіне сәйкес: 20 АЕК-ке дейін – хабарламаны жолданады және өсімпұл есептеледі, 20 АЕК-тен астам - хабарлама жіберу, өсімпұл есептеу, шоттарды бұғаттау және инкассалық өкімдер шығарылады, 45 АЕК-тен астам - мүлікке тыйым салуды, дебиторлардан өндіріп алуды қоса алғанда, барлық өндіріп алу шараларыжасақталады, 27 000 АЕК-тен астам  - шет елге шығуға тыйым салынады (сот шешімі бойынша 3 айдан астам берешек өтелмеген жағдайда).

Әлеуметтік төлемдер бойынша тәуекел дәрежесін есепке алмай, әлеуметтік төлемдер бойынша 6 АЕК-тен астам мөлшердегі берешекті өндіріп алу қарастырылған.

Көлік құралдарына салынатын салықбойынша: пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер бойынша көлік салығын есептеу тәртібі өзгертіліп, оларға түзету коэффициенті – 0,7, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқандарға түзету коэффициенті – 0,5 қолданылады. Шаруа фермер қожалықтары бір пикап көлігі бойынша көлік салығын төлеуден босатылды. Көлік құралының түріне қарай көлік құралдарының санаттарына жатқызу бойынша норма алынып тасталды (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар). Енді көлік құралын басқару құқығы санатына қарай (А.В.С.D) көлік құралдарының санатын айқындау қарастылыған. 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе Қазақстанның аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлемелер алынып тасталды.

Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.  

        Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі)  ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.

Шекаралары өзгерген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылса, елді мекендер шегіндегі осындай учаскелердің жер салығын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін ставкаларымен есептелінеді.

Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша (меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген күннен бастап) салықтың базалық ставкалары қырық есеге ұлғайтылады.

          Егер міндеттемелер сомасы 300 АЕК-тен аспаса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі тапсырылмайды. Бұл салық төлеуші тек жылдың қорытындысы бойынша декларацияны тапсырады және тиісінше төлемді жүргізеді.

Ғимараттар, құрылыстар бойынша салық базасы мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны болып табылады.

Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әрбір үш жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.

 

 

Есепке алу, талдау, салықтық бақылау және

өндіру бөлімінің бас маманы А. Ж. Жанаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT