Өткен аптада аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бос орындар жәрмеңкесі арнаулы және жоғарғы оқу орнын аяқтаған жас түлектерге арналған болатын.
Аталған жәрмеңкеге Құлсары қаласы ішінде орналасқан мекемелер қатысты. Олардың қатарында «Мұқан Сервис» ЖШС, «Құлсарыгаз» ЖШС, «Жылыойгаз» ЖШС, «Атырау Жарық» ЖШС, аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орталық аурухана, «Агропромтехника» ЖШС, ауданық дарынды балаларға арналған лицей, аудандық сот пен тіркеу және жер кадастры бөлімдерінің өкілдері бар.
Аудан бойынша жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұрған жас түлектердің ішінен 50-ге жуық жұмыссыз қатысып, 25-і жастар тәжірибесі арқылы әртүрлі мекемелерге тәжірибе жинақтауға жіберілді.
Ш.Хамитова