Теңіздегі өндіріс уақытша тоқтады

«Теңізшевройл» компаниясы Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатты. Бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметі ресми түрде растады. Оқиға 18 қаңтар күні, таңертеңгі сағат 10:00 шамасында болған. Көңіл көншітерлігі сол, адам шығыны жоқ. Төтенше жағдай мамандары өртті жедел сөндіріп, бүгінде оқиға себебі анықталуда.  Теңіздегі өндіріс уақытша тоқтады.

 Алғашында Теңіз вахталық қалашығында орналасқан «ТШО» ЖШС-нің 3-буынды зауыт аумағында электр тоқ трансформаторы өртеніп, араға аз уақыт салып, аталған аумаққа жақын орналасқан екінші трансформатордан да ақау шығып, өрт тіркелген. Осы жағдайларға байланысты өндіріс уақытша тоқтады. Компания мәліметінше, нысандардағы жұмысты уақытша тоқтату шешімі өндірістік ғимараттардағы электр энергиясын тарату жүйесінің жекелеген бөліктерінде туындаған техникалық мәселелерге байланысты қабылданған. Аталған дерек бойынша жедел әрекет ету шаралары ұйымдастырылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес зауыт аумағынан 473 жұмысшы толық эвакуацияланды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқиға орнында Теңіз полиция басқармасының қызметкерлері қызмет атқарып, қазіргі таңда өрттің себеп-салдары тексерілуде.

                                                Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT