Теңіз кен орнында 24 тамыз күні Өркен кентінің құрылыс алаңы маңында Infradel Projects мердігер компаниясы қызметкерінің қаза болғаны туралы хабарланған болатын.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
АTPress.kz редакциясына белгілі болғандай, Теңіз кен орнының жоспарлы пневматикалық сынақтар кезінде қаза тапқан 50 жастағы қызметкер Атырау қаласының тұрғыны.
«Infradel Projects мердігер компаниясы мемлекеттік органдармен және прокуратурамен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ал, қызметкерге келсек, оның отбасымен тығыз байланыстамыз. Кеше түнде жедел түрде дене туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасына өтемақы төлеуге дайынбыз. Сондай-ақ, компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді» - деді Infradel Projects мердігер компаниясының өкілі.
ATPress.kz