Бұрын «Құлсарыгаз» аталып келген «KazGlobalSolution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде аудандағы іргелі отандық компаниялардың қатарында. Мердігер мекеме ретінде Теңіз кенішінде жұмыс жасап келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қазіргі таңда ол темірдей тәртіпке негізделген алып кен орнындағы табысты өндірістік кәсіпорынның біріне айналды.
Жұмысшылардың 90 пайызы – жылыойлықтар «KazGlobalSolution»– алғашқылардың бірі болып өз жұмысшыларын 14 күндік жұмыс ауысымына көшірген отандық компанияның бірі. Бұдан өндірістік көрсеткіші көтерілмесе, ештеңеден ұтылған жоқ. Керісінше, жергілікті жұмысшылардың алғысын арқалап жүр. Серіктестіктің бас директоры Жазира Ермекованың айтуынша, қазіргі таңда «KazGlobalSolution» ЖШС-інде екі мыңның үстінде адам еңбек етеді. Оның 90 пайызы – жылыойлық азаматтар.
Біз бұған «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сайлаубай Таласов пен аудандық мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев бастаған халық қалаулыларымен бірге Теңіз кенішіне барғанда көз жеткіздік. Расында да, жұмысшылар жататын жатақханалары мен асхана, өндіріс орындарын көзбен көріп, жұмысшы-қызметкерлермен тілдескенде, мұнда 14 күндікпен еңбек ететін адамдардың көңіл-күйінің көтеріңкі, өз кәсіби міндетін атқаруға деген ынта-жігерінің жоғары екендігіне көз жеткіздік. Ал өзге мердігер мекемелердегі жағдай нешік? Оларда бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр деген сауалға депутаттар Сәуле Мамбетова, Сымбат Қабдырахмановалармен бірге аудандық әкімдіктің Теңіз кенішіндегі бөлімінде өткен басқосуда жауап іздеп көрген едік. Онда партия филиалының ұйымдастыруымен 28 күндік вахталық ауысыммен еңбек етіп жатқан бірқатар шетелдік және отандық компания өкілдерімен жиналыс өткізілді.
"Мақаланың жалғасын"Кең Жылой"
басылымынан оқи аласыз"
Ербол Қошақанов.