Биыл елімізде «Прокуратура туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді. Бұл Заңның бұрынғы күшін жойған ерекшелігі алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріліп отыр.
Заңның негізгі мақсаты – прокуратураның құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылықты нығайту болып табылады.
Аталған заңда прокурор шығаратын актілердің аражігі ажыратылып, заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу кезіндегі прокурордың өкілеттіктер шеңбері кеңейтіліп, прокурорға қылмыстық қудалауды мемлекет атынан жүргізу міндеті жүктелген.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның, әскери және көлік прокуратурасы органдарының тексеру мәселелері және басқа да функциялары бойынша өкілеттіктерінің шектері айқындалды.
Сондай-ақ, жаңа заңмен Бас Прокурордың сотқа дейінгі тергеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді келісу және тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды және заңсыз актілерді тоқтата тұруды прокурормен талап ету құқығы туралы жаңа норма енгізілді.
Прокурорлық ден қою актілерінің қатары Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берілмейтіні туралы түсіндірме түріндегі жаңа актімен толықтырылды.
Жаңадан қолданысқа енгізілген Конституциялық заң – адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, сондай-ақ ел аумағында заңдылықты қамтамасыз етуге тікелей бағытталған.
Жылыой ауданының прокуратурасы