Құрметті оқырман, сүйікті «Кең Жылой» газетіне 2023 жылға жазылмақшысыз. Алайда пошта газетіңізді сізге уақытында жеткізбейді. Жазылған газет сандарын толық ала алмайсыз. Оған қоса поштаға барып жазылу үшін кезекке тұруға тура келеді. Біз мұны газет редакциясына шағым айтып келген оқырмандардан зерделеп білдік. Енді қайтпек керек? Ендеше біз сіздер үшін мүлдем жаңа пилоттық жобаны әзірледік. Бұл жаңа жоба туралы қазір егжей-тегжейлі түсіндірмекпіз.
Оқырмандар, бұдан былай сіздер «Кең Жылой» газетіне еш қиындықсыз жазыла аласыздар, ал жазылған газетіңіз дер уақытында сіздің қолыңызға тиеді. Ал ең бастысы, газетті поштадағы бағасынан әлдеқайда арзан бағаға жаздыртып ала аласыз. Қалайша дейсіз ғой. Бұл жоба «Баламалы жазылуәдісі» деп аталады.
Ол үшін газетке жазылуды «Кең Жылой» газеті өзі жүзеге асырады және мерзімді басылымды өзі таратады. Әр оқырман өзі жұмыс істейтін мекемеде, мектеп пен бала бақшаларда, басқа да барлық мекемелерде газетімізге арзан бағаға жазылып, квитанция алады. Сөйтіп келер жылдың 1 қаңтарынан бастап баламалы әдіс бойынша жазылған газетін өзі жұмыс істейтін жерлерден дер уақытында алып тұрады. Зейнет жасындағы қариялар немесе басқа тұрғындар ұл-қыздары , жақындары еңбек ететін мекмелерде ұйымдастырылатын баламалы жазылу науқанына қатыса алады.
Ауданымызда бұл жаңа жоба 2020 жылы жүзеге асырылған болатын. Сол кезде газеті кешікпей қолына тиген әрі арзан бағаға жаздырып алған тұрғындар бізге ризашылықтарын білдірген еді.Биылдан бастап жоба қайтадан қолға алынды. Ендеше 90 жылға таяу шығып келе жатқан туған жердің шежіресіне баламалы түрде жазылыңыз!
Баламалы әдіспен «Кең Жылойға» жазылу бағасы:
1 жылға 2800 теңге
6 айға 1400 теңге
Ал пошта арқылы жазылу:
1 жылға
6 айға
Толық мәліметтер білу үшін байланыс телефондары: 87021391213