Интернет балаңызды алаңдата ма?

Ашық дереккөз

Әрбір ата-ана «балам интернеттен қандай ақпараттар алып жүр?» деген сауалға бас қатыруға тиісті. Әсіресе,балалардың гаджеттер мен ұялы телефондарға тәуелді заманында ата-ананы алаңдатпай қоймайтыны да осы сұрақ. Өйткені бүгінгі күн- еңбектеген баладан бастап еңкейген қарияға дейін телефонға құмартқан кезең. Балалар үшін  желілерден түрлі видеоконтенттер мен фильмдерді қарау еш қиын емес. Алайда небір көркем, басқа да фильмдер мен мультфильмдердің тәрбиелік мәні бар түрлері де, жағымсыз түрлері де жетерлік. Сондай-ақ күндіз-түні жағымсыз әсердегі фильмдер, әсіресе қатігездіктікті насихаттайтындары балалардың болашағы мен өскелең ұрпақ үшін зиянды екені түсінікті.

Осы тақырыпқа байланысты №3 мектептегі 4 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшісі Б.Таменова кейбір фильмдер сана-сезімді, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балаларға кері әсерін беретінін жеткізді. Балалар бейнеэкраннан анимациялық фильмдерді қарап, мұғалім түсіндірген ақпараттарды құлақ түре тыңдады.

Бүгінгі күні нарық анимациялық фильмдерге де толы. Уақыт өткен сайын оған сұраныс та артып келеді. Десе де, олардың пайдасы мен зияны да жетерлік. Қаншама бала анимациялық фильмдерге, мультфильмдерге еліктеп жүр.  Себебі түрлі шытырман оқиғаға толы фильмдер адамның психологиясы мен ойлау қабілеттеріне зор ықпал етеді.  Жаһандану дәуірінде белең алған анимациялық фильмдерге байланысты қоғамда небір дүрбелең оқиғалар орын алуда. Әсіресе 5-11 жас аралығындағы балалар үшін бұл өте қауіпті. Өйткені шетелдік қайсыбір мультфильмдер мен анимациялық фильмдерді тамашалайтын болсақ, кішкентай балаларға «мені қарашы» дегендей сезіндіреді. Тіпті балалар ғана емес ересектер де кейде қызығып тамашалап жататынын жоққа шығармаймыз.

 

А.Таубаева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521