Атырау облысына дауылды ескерту жарияланды.
15 қыркүйек Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
«Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп хабарлады облыстық ТЖД.