БЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮЙҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

Осыдан екі ай бұрын Құлсары қаласының орталығындағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде орын алған жойқын жарылыс жылыойлықтардың әлі есінде. Өндірістік апат салдарынан ерлі-зайыпты екі жұмысшы-қызметкер қаза тауып, 14 адам дене жарақатымен ауруханаға түсті. Соңы әлі күнге ем алу үстінде.

Оқиғадан бірнеше күн өткеннен кейін марқұмдардың ұлы тиісті құзырлы органдарға, блогерлер мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына жүгініп, «Ниет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшыларының үстінен шағым түсірді. Жоғарғы инстанцияға дейін арыз түсірді.

Нәтижесінде тергеу жұмыстары жанданып, жақында жанармай құю бекетінің директоры сот шешімімен қамауға алынды. Яғни, тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Екі айға тарта уақыт өтсе де әзірге жарылыстың нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Әйтсе де бұған дейін Төтенше жағдай департаментінің өкілдері газдың сыртқа шығуы мен ұшқыннан тұтану нұсқасын айтқан еді.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT