Судың да сұрауы бар

Aikyn.kz

Халқымыз қашанда суды қадір тұтқан. «Суды ысырап қылма, беті ашық қалған суды ішпе, суды сапырма, суды ластама, суды төкпе, суға түкірме»  деп әрқашан тіршілік көзін қастерлеп, тыйым сөздермен ықылын айтып отырған. Сонымен қоса, қазақта "Сыйлап  берсе суын іш", "Қайғысыз  қара суға семіреді", "Судың да сұрауы бар" деген мәтелдер де тегіннен- тегін айтылмаған. Расында да, су тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ. Адамзат баласы ауаны қаншалықты қажет етсе, суға да соншалықты мұқтаж. Мөлдір суды  қастерлеп, тіршілік нәрі деп қараймыз. Бірақ осы тіршіліктің көзіне айналған су мәселесінде түйткілді жайттар жетерлік. Еліміздің қай өңірінде болсын "су мәселесі" қоғамның нөмірі бірінші өзекті тақырыбына айналған. Бұл мәселе біздің мұнайлы ауданда да бар.

«Баяғы жартас- бір жартас» демекші, судың жыры қысы-жазы өзекті мәселеге айналған. Жаз болса судың қысымы азайып сала берсе, қыста құбыр қату деген жағдай бар. Мынадай суық қыста судың да тоқтаусыз жүруін тілейтін аудан тұрғындары да бар. Өйткені еліміздің басқа өңірлерінде қыстың қаһарлы аязында көпқабатты тұрғын үйлердің су құбырларының қатуда.

Ауданымызда апта басталысымен терезеге қырау қатып, ауа температурасы 30 градусқа дейін көтерілуінен ызғарлы аяз түсті. Ауа-райы суытқанда мұндай мәселе ауданымызда орын алмады деп айта алмаймыз. Жеке үйде тұратын адамдардың құдықтағы суы қатып, көпқабатты тұрғын үйлерде де су қатуы орын алды. Тіпті уақытылы жүретін су сыздықтап қалды. Мұндай хабарламаны аудан әкімдігінің телеграмм парақшасында Газшылар ықшамауданы үйлерінің тұрғындары мәлімдеді. Аудан тұрғыны Нұрай есімді тұрғынның айтуынша, сенбі, жексенбі күндері сусыз отырған. Тұрғындар «Жылыойсу» мекемесіне хабарласып, мән-жайды ескерткенде мекеменің қазметкерлері дөрекі сөйлескен. Ал су айдау станциясы диспетчерлерінің мұнымен хабарлары да болмаған.

-Су құбырының автоматикасы істен шыққаны жөнінде диспетчер де, мастерлер де хабарсыз. Айналамыздағы жер үйлерде де осы жағдай орын алып отыр. Суға кабельмен жалғанған насосы бар үйлер  қысыммен су алып отыр. Түнде ғана судың қысымы жоғарылап, қайта суымыз сыздықтап қалды,- дейді желідегі хабарында тұрғын.

Қыс мезгілінде суды сатып алып тұтынып отырған кейбір ықшамаудан тұрғындарының жанайқайы осы. Бұған дейінгі жылдарда да өзге ықшамаудандардың тұрғындары да осы мәселемен күресіп келеді. Бұл қысы-жазы өзектілігін жоғалтпай отыр.

Ауданымыздағы күн тәртібінің өзекті мәселелеріне айналған  судың мәселесі қашан шешімін таппақ? Аталмыш проблеманы шешу жолдарын құзырлы мекеме қарастырса деп өтінеді тұрғындар.

 

А.Таубаева

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT