Атырауда қала күні аталып өтті

Қала күніне орай Бейбарыс алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

“Атырау - арман қала” деп аталатын мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар өнерлерін паш етіп, облыс орталығының 382 жылдығымен құттықтады.

Ал, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті белгілі әнші Дастан Оразбеков пен Ақбота Сейітмағамбет жүргізді. Мерекелік шараны тамашалағэуға келген тұрғындар мен қала қонақтарынан ине шаншар жер болмады. Әсіресе, “Заман” тобы, Айгүл Иманбаеваның орындауындағы әндерге көрерменнің ықыласы ерекше болды.

-Қала жұртшылығын бүгінгі мерекемен құттықтаймын. 382 жылдық тарихы бар облыс орталығы жылдан жылға көркейіп, өркендеп келеді. Мұнда кәсіптің қай түрін дамытуға да мүмкіндік мол. Әсіресе, шағын бизнеске өріс кең,-дейді қала тұрғыны Әлия Сапарова.

Концерт соңы мерекелік отшашуға ұласты.

 

Айбөпе Мұратқызы,

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521