Жердегі темір тұлпарға да «азық» тасиды

Қазақстан Үкіметі биылғы 24 мамырдағы Қаулысымен «Мұнай өнімдерін тасымалдаудағы бірыңғай операторды белгілеу туралы» 2014 жылғы 12 желтоқсандағы Қаулысының күшін жойды.

Жаңа Қаулыға сәйкес еліміз бойынша бензин, дизель отынын, мазут пен әуе керосинін тасымалдайтын бірден-бір оператор мекеме - «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС болып белгіленді. Бұрын бұл міндетті «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС атқарып келді. Алдыңғысы тек мазут пен әуе отынын ғана тасып жүретін-ді. Енді «ҚазМұнайГаз-Аэро» тек темір сұңқарларды ғана емес, жердегі темір тұлпарларды да жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін жалғыз мердігер мекемеге айналды.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннің ішінде күшіне енеді.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521