Вахташылар 14 күндік ауысымға көше ме?

Ақжайық

Таяуда Теңіз кенішінде орналасқан «Шаңырақ» вахталық поселкесінде аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың басшылығымен  ТШО ЖШС-нің 100-ге жуық мердігер мекемелерімен  кездесу болып өтті. Оған «Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс  жөніндегі бас менеджері Дәрмен Аронов, Еңбек инспекциясы басшысы Игілік Айдарұлы және мердігер мекемелердің мамандары қатысты.

Алпауыт компания жұмысшыларымен жиналған басқосуда аудан әкімі Ж.Байрақбайұлы заң аясында жүргізілуі керек көптеген жұмыстарға тоқталды. Ондағы бірінші қозғалған мәселе Жылыой ауданының тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша мердігер мекемелерге ұсыныс тастап, ауысымдық жұмыс кестесін 14 күнге қысқарту бойынша сөз қозғады. Сондай-ақ, аудан басшысы салықты аудан бюджетіне төлеу туралы ұсыныстарын да ортаға салды.

Жиында сөз болған тақырыптарға байланысты мекеме басшылары 14 күндік ауысымға дайын екендіктерін мәлімдеді. "Теңізшевройл" басшылығы да бұл ұсынысты қолдайтындарын жеткізді.

Сондай-ақ, келелі кездесуде депутаттар тарапынан жұмыссыздықты жою, аудандағы жұмыссыз ретінде тіркелген 2900 адамды бірінші кезекте жұмыспен қамту жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұл мәселелерге байланысты ТШО мердігер мекемелері  баса назар аударып, жолға қоятындықтарын тілге тиек етті.

 

 А.Таубаева

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521