ТШО техникалық қызмет көрсету саласында қазақстандық қамтуды қалай дамытады

Өткен жұмада Атырауда “PetroMaintenance 2024” мұнай-газ саласына техникалық қызмет көрсету бойынша форум өтті. Форумда «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы іс-шараға қатысушылармен осы бағыттағы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және қазақстандық қамтуды дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Форумда ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері Стивен Коннер сөз сөйледі. Оның айтуынша, ТШО қазақстандық қызметкерлердің дамуына белсенді түрде инвестиция салуда. 2007 жылдан бері 460-тан астам ұлттық қызметкер негізгі басшылық және техникалық позициялардағы шетелдік мамандарды алмастырды. Сондай-ақ, Стивен Коннер соңғы 31 жылда ТШО-ның қазақстандық қамтушылардан 48,4 миллиард АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алғанын атап өтті. Ал, 2023 жылы компанияның сатып алуларының 70%-ы жергілікті компаниялардың үлесіне тиді, бұл 1993 жылғы 11% көрсеткіштен едәуір жоғары.

"Біз шағын, орта және ірі жеке бизнестің нарықтық экономиканың негізі екендігін мойындаймыз. Сондықтан да, осы бизнесті қолдау, технологияларды беру және жергілікті әлеуетті барынша пайдалану бойынша шараларды белсенді түрде енгізудеміз ", - деп атап өтті Стивен Коннер.

Ол ТШО-ның болашақ тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамтуды  жоспарлаудан бастап, өндірісті оқшаулау, қызметкерлерді оқыту мен отандық тауарларды сатып алуды тұрақты мониторингтеу бойынша жаңа қамтушылардың  міндеттемелерінен бастап, кешенді тәсілді қамтитын өндірісті оқшаулауды ілгерілету жүйесін енгізгенін жеткізді. Стивен Коннер ТШО-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы да баяндады. Ол компанияның 1993 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін Қазақстан Республикасына 196 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тікелей қаржылық төлемдерді аударғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ТШО-ны үш жыл қатарынан елдегі үздік салық төлеушісі деп танығанын еске салды. Сондай-ақ, форумда ТШО-ның техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Джеррод Хант сөз сөйлеп, кадрларды ұлттандыру мен жергілікті мердігерлермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі уақытта техникалық қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің 95% -дан астамы Қазақстан азаматтары екенін айтты. «Біз қазақстандық мамандарды жоғарылатқан сайын оңды өзгерістерді байқадық. Олар талантты, және де біздің басшылық оларды мақтан тұтады», — деді Джеррод Хант.

Форум ТШО үшін Қазақстанның мұнай-газ секторындағы басты ойыншы ретіндегі рөлін нығайта отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға және сала бойынша өзінің адалдығын растау, әрі сала әріптестерімен табысты стратегиялармен бөлісу мақсатында жақсы платформа болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521