ТШО-да робот «қызметкер» жұмыс жасайды

«ТШО жаңалықтары» газетінің ақпаратына сүйенсек, ТШО қазіргі таңда өз өндірісінде ақпараттық технологияны кеңінен қолданып келеді.

 

Айталық, Теңіз кенішінен күн сайын дерлік сұйытылған көмірсутекті газ бен күкірт тиелген вагондар еліміздің күретамыры теміржол арқылы Ресей, Украина және Европа елдеріне жол тартады. Міне, сол жүктерді «Теңізшевройл» ЖШС-нің маркетинг және тасымалдау бөлімінің мамандары цифрлық құрылғылар мен озық технологияларды пайдалана отырып бақылап отырады. Аталған мемлекеттегі бизнес серіктестері арқылы олар нақтылы бір уақыт режимінде вагондардың қай нүктеде тұрғанын көре алады. Соның арқасында жүкті барынша ұзақ кідіртпеуге тырысып бағады. Егер шұғыл түрде күрделі жөндеуді қажет етсе, онда ТШО орнына жаңа вагондар жібереді. Ал проблема теміржол торабынан туындаса, онда серіктестес компаниямен келісімге келеді. Осылайша жүктің теміржол бойындағы маршруттармен жылдам жылжып, теңіз терминалына жеткенге дейінгі арақашықтық үнемі қадағалауға болады. Ал тамыздан бастап ТШО-ның қаржы бөлімінде Робокойн цифрлы «қызметкер» жұмыс жасап келеді. Бұрын қазынашылық тобы сараптамашысы күн сайын 14 шетелдік валюта бағамдарын қарап, оны JDE жүйесіне қолмен теріп енгізетін еді. Оған ең кем дегенде 20 минут уақыт кететін-ді. Енді бұл міндетті Робокойн атқарады. Ол бұл жұмысты автоматты түрде 45 секундта бітіріп береді.

Бұл Шеврон корпорациясының қаржыландыруымен және техникалық қолдауымен жүзеге асқан жарқын жоба ТШО компаниясындағы өндірістік ырғақты цифрландырудың басты тетігі болып табылады..

Расында да, цифрлық заманауи жаңа технологияны қолдану өндіріс ырғағын жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, оның сапасын да арттыра түсті. Мамандардың айтуынша,мұндай жобалар алға қарай да жүзеге асырыла бермек.

Ербол Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521