ТМД-ның мұнай-газ компанияларының мамандары АМӨЗ-дегі әріптестерімен тәжірибе алмасты

Биыл Атырауда өткен IX Халықаралық «Даунстрим Қазақстан және Орталық Азия 2023» конференциясына қатысушылар АМӨЗ-де болды. Делегация құрамында Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елдеріндегі ірі мұнай-газ өңдеуші және мұнайгазхимиялық кәсіпорындардың өкілдері бар.

Зауытқа келудегі басты мақсат – қазақстандық әріптестермен тәжірибе және жаңа идеялар алмасу. Кездесу барысында АМӨЗ мамандары қонақтарға технологиялық қондырғылардың жұмысы мен қуаттылығы, зауытты жаңғырту кезеңдері, мұнай өңдеу процесінің ерекшеліктері, шығарылатын мұнай өнімдерінің түрлері мен сапасы, сондай-ақ АМӨЗ-дің әлеуметтік саясаты мен жас кадрларды қолдау бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

Зауыттың мұражайында делегаттар отандық мұнай өңдеудің флагманы саналатын кәсіпорынның құрылысы және қалыптасу кезеңдерімен танысты. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты ойларымен бөлісті.

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының мамандары Орталық Азия, Каспий өңірі және Ресей елдерінде зауыттар салу мен жаңғыртудың жаңа жобалары талқыланған «Даунстрим Қазақстан және Орталық Азия 2023» конференциясына қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521