Теңізде тағы сары түтін будақтады

Бұл процесс технологиялық жобаға сәйкес жүргізілген.

Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішіндегі зауыттың мұржасынан будақтап сары түтіннің шығып жатқаны жөнінде бейнеролик тарады. Қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қиын кезеңде бұл көрініс жұртты біраз әбігерге салғаны анық.

«Ақ Жайық» сайтының хабарлауынша, бұл оқиға сәуір айының 19-ы, жексенбі күні орын алған екен. Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» ЖШС-ның баспасөз қызметі растаған. Ондағы хабарламаға қарағанда, сол күні зауыттың КТЛ қондырғысының бірінде қысым көтеріліп, соның салдарынан артық газ мұржа арқылы ауаға шығарылған. Бұл процесс технологиялық жобаға сәйкес жүргізілген. Ол үшін, алдымен, техникалық қауіпсіздік талабының нұсқаулығына сай барлық жұмысшы-қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі таңда жағдай қалпына келтіріліп, бақылауға алынды. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп, анықталу үстінде.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521