ТШО-ның Келешек кеңею жобасы (ККЖ) жобасы бойынша 60 мыңнанастам адам жұмыс жасаған, бүгіндеқұрылыс жұмыстарының аяқталуынабайланысты жобада 10800қазақстандық және 1000 шетелдіказамат еңбек етуде, деп хабарлайдыАtyrauРress тілшісі.
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының бөлім басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, биылғыжылы ККЖ-нан 11 155 адам босатылған,оның 4 104-і (37%) - облыс тұрғындары.Құрылыс жұмыстарының аяқталуынабайланысты 2024 жылы "Теңізшевройл"компаниясының болжамына сәйкес 18713 қазақстандық азаматты босатужоспарланды, оның ішінде 7 089 адам(38%) - облыс тұрғындары.
Жұмыспен қамту басқармасы өкілініңақпараты бойынша, жобадан қанша адамқысқартылып жатқанын және олардыңқалай жұмысқа орналасатынын бақылауүшін Еңбек министрлігі, Атырау облысыәкімдігі мен ТШО арасында Жол картасыбекітілген. Мәселен, жобада жұмысынанайырылған 4 104 адамның 93%-ы (3 806адам) әлеуметтік қолдау шараларыменқамтылған. Оның ішінде 1 379 адамтұрақты жұмыс орындарына, 37 адамқоғамдық жұмыстарға, 9 адам әлеуметтікжұмыс орындарына, 10 адам жастартәжірибесіне, 7 адам "Күміс жас" жобасына орналастырылды.
Жұмыстан басқа, босатылғанқызметкерлерге кәсіпкерлік негіздерінеоқыту және бизнесті дамытуғақайтарымсыз гранттар ұсынылады. 57адам "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқытылды, оның ішінде 35 адамсертификат алды.
Сонымен қатар, "Бастау-Бизнес" жобасыаясында кәсіпкерлік негіздері бойыншабілім алған 5 адам 400 АЕК (1 476 800теңге) көлемінде қайтарымсызмемлекеттік грант алып, өз ісін бастады.Атап айтқанда, олар, яғни, көпбалалы отбасылардан шыққан жұмыссыздар пластикалық терезелерді орнатубойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, дәнекерлеу цехын, жиһаз жасаушеберханасын құруға, автомобильдердің кондиционерлерін жөндеуге жәнетөсеніштерді өндіруге грант алды.
Осы орайда, Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАККЖ-нан босатылған қызметкерлергемемлекет тағы қандай көмек көрсететінін айтып берді.әлеу
- "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқытылғандардың ішінен қазіргіуақытта өз ісімен айналысатын 31жеке кәсіпкер бар. 2 271 адамғажұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалды.Сонымен қатар, жұмыссыздар менжобадан босатылған азаматтар үшін ТШО жыл сайын жұмысшымамандықтары бойынша кадрлардықайта даярлау курстарынұйымдастырады. Биылғы жылы 225адам оқуға жіберілді, оның ішіндебүгінгі таңда 131 адам 4 мамандықбойынша (электромонтажшы, металл конструкцияларын дәнекерлеуші, БӨП монтажшысы, құбырмонтажшысы) оқуын жалғастыруда, -деді ол.
Бұл мәселе әкімдіктің тұрақтыбақылауында. ТШО-ның жауапты қызметкерлерімен бірлесіп ай сайынмердігерлік және қосалқы мердігерлікұйымдармен деректерді салыстыру, босжұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жанат Шаяхметова,
Аударған – Амандық Сағынтайұлы
Фото: tengizchevroil.com