Газды көліктер 16 пайызға көбейді

Министрліктің аймақтарға бөліп берген сұйытылған газ көлемі өңірлер қажеттілігін өтей алмайды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Бір жыл жобасында елдегі газбен жүретін көліктердің саны 582 мыңнан 677 мыңға бір-ақ жеткен.

– Министрлік ай сайын өңірлерге шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ бөледі. Десе де, газ тарату көлемі олардың қажеттілігінен 25-30 мың тоннаға немесе 23 пайызға аз. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылы газбен жүретін автокөліктер саны 677 мың болған немесе 2023 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өскен, – деді министр.

Ведомство басшысы сұйытылған газ бағасының төмендігі газ өнімін тұтынудың күрт өсуіне себеп болғанын жасырмады. Ал Қазақстанда өндіріліп жатқан газдың көлемі қандай? Еліміздегі газ өндірісінің ахуалы туралы баяндаған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бірқатар статистикалық деректерді де келтірді. – 2024 жылдың қорытындысымен газ өндіру 59 млрд текше метрді құрады. Биылғы жылға арналған өндіру жоспары – 62,8 млрд текше метр, ал алғашқы I тоқсанда өнім өндіру 17,2 млрд текше метрге жетті. Газ өндірісі көлемін Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындарының есебінен өсіру көзделіп отыр, – деді министр.

Ерлан Ақкенженов газды 2025 жылға арналған болжамды тұтыну жобасына тоқталды. – 2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд текше метрді құрады. Биылғы жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. Алғашқы I тоқсанында 7,3 млрд текше метр газ өндірілді. Өткен жылы ішкі нарықтың қажеттілігіне 21,2 млрд текше метр газ жеткізілді. Үстіміздегі жылға арналған болжамды тұтыну көлемі шамамен 21,3 млрд текше метр болмақ. Былтыр сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,7 млн тоннаға жетті. Биылға арналған жоспар – 1,7 млн тонна. Сондай-ақ, 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысын өткен 2024 жылмен салыстырғанда шамамен жарты миллион тонна өндірілді, – деді ол.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT