«ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ГЕОЛОГ» АТАНДЫ

Жақында Астана қаласынан қуанышты хабар келіп жетті. Ұзақ жылдар ауданның геология саласында еселі еңбек еткен Ақсүйрік Әбіләлі «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тағайындаған бұл жоғарғы мәртебелі марапаты байырғы бұрғышы Айтен Әбіләлиевтің қызына берілуі бекер емес.

Ақсүйрік Айтенқызы жастайынан әке жолын қуып, жетіқат жерастының қыр-сырын меңгерген геолог-барлаушы мамандығын таңдады. Ақтөбе қаласындағы Қазақ КСР-інің геологтар училищесін бітіріп, кейін Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетіне оқуға түсіп, инженер-геолог мамандығын алып шықты. Ол ұзақ жылдар Биікжал терең барлау-бұрғылау жəне Оңтүстік Ембі тереңді барлау-бұрғылау экспедициясының өндірісінде оператор-коллектор, геолог болып еселі еңбек етті. Қисымбай, Тортай, Үлкентөбе, Шөлқара, Қарашүңгіл, Машлы, Ақінген, Аққұдық кен орындарының өндіріске қосылуына тікелей атсалысты.

Экспедиция тарағаннан кейінде өз  мамандығынан қол үзбей «Атыраумұнайгазгеология», «Каспий Нефть» АҚ-да абыройлы қызмет етіп, зейнеткерлікке қалды. Ұзақ жылғы еңбегі үшін Мақтау грамоталармен жəне «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» мерекелік медалі мен Алғыс хаттармен марапатталған.

Ақсүйрік Әбіләліге төсбелгіні министр Қанат Шарлапаевтің өзі мұнай-газ кешені қызметкерлері күні салтанатты жағдайда табыс етті. Мерекеде министр еліміздің түкпір-түкпірінен келген осы саланың барша ардагерлерін қабылдап, шын жүректен құттықтады. Олардың арасынан жерлесіміз Ақсүйрік Айтенқызының да аталуы – біз үшін мақтаныш.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521