Бюджеттің бүйірі тесілмесін деп...

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ембіліктер өткен жылы 2 млн. 895 мың 332 тонна өнім өндіріп, Отан қазынасына 2 млн 863 мың 464 тонна қара алтын тапсырды.

Бұл ретте мұнайды өндіру жоспарын 332 тоннаға, ал тапсыруды 1489 тоннаға артығымен орындады. Мұнайшылар биылғы алғашқы тоқсанның көрсеткішінен де межелі мерзімде көрініп, жылды табыспен бастады.

2012 жылдың 1 қазаны мен 2018 жыл аралығында компания салық төлемдері ретінде республикалық, жергілікті бюджетке 897 млрд астам қаржы аударған екен. Ал аймақтың инфрақұрылымын дамытуға 4.3 млрд теңгенің үстінде ақша жұмсады.

Жалпы «Ембімұнайгаз» АҚ келісімшарт аясында аймақтың инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын облыстық бюджетке қаражат қарастырып отырады. Атап айтқанда 2018 жылы 1 млрд. 866 млн. теңгеге жуық, ал 2019 жылы 126 млн теңге шамасында қаржы бөлді.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521