АЗАМАТ – ЕЛДІҢ АЖАРЫ

2012 жылдан 2017 жылдар аралығында бақандай бес жыл ауданның әкімі болып, өңірдің өсіп- өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Мақсым Ізбасов жақында жоталы 70 жастың биігіне шықты. Осыған орай таяуда «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында өткен Директорлар кеңесінің кезекті жиыны салтанатты құттықтау шарасымен басталды.

Иә, ауданның ғана емес, тұтастай қарт Ембінің қара алтын өндірісінің дамуына зор еңбек сіңірген майталман мұнайшы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Атырау облысының, Жылыой және Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсым Ізбасовқа қандай құрмет көрсетсе де лайықты. Сондықтан салтанатты сәтте мерейгердің 70 жасқа толуына орай, ең алдымен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың құттықтау хаты табысталды.

«ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Ембімұнайгаз» Директорлар кеңесінің төрағасы Құрманғазы Есқазиев Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Мақсым Шафихұлын 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Барша ембілік мұнайшының ыстық ықыласы мен жүрекжарды жылы лебізін жеткізген «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет те мерейгердің иығына шапанын жауып, естелік сыйлық табыс етті. Ұзақ жылдар бір салада еселі еңбек етіп, үзеңгілес жолдас болған «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Қырымбек Көшербаев та Мақсым Шафихұлына өзінің әріптестік ыстық ықыласын білдірді.

Салтанатты сәтте «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» , «КазГерМұнай» БК» , «Маңғыстаумұнай» АҚ басшыларының құттықтау хаттары да табысталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT