Атырауда ITO компаниясының газбен жабдықтау өндірісін ашу бойынша кездесу өтті

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев жапондық ITO компаниясының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кәсіпорын  газбен жабдықтауға қажетті құрылғыларды шығарумен айналысады. 

- Біздің кәсіпорын 90 жыл бұрын Жапонияның Осака қаласында құрылған. Бастапқыда  сұйытылған газ реттегіштерін шығарып, кейін табиғи газ нарығына шықты. Негізінен қысым реттегіштерді, клапандарды, буландырғыштарды, табиғи газ баллондарын жасап, сұйытылған газбен жабдықтау объектілерін жобалап, саламыз. Жапонияда 2020 жылы сатылым 120 млн. АҚШ долларын құрады,- деді ITO компаниясының өкілі. 

Облыс әкімінің орынбасары аталған ұсынысқа қызығушылық білдіре отырып, өңірді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін айтты.

Осы жылдың тамыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапон Премьер-Министрі Фумио Кисида кездескен еді. Соның аясында  Атырау облысынің  әкімдігі мен ITO Corporation  компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Айта кетейік, биыл қаңтар-қыркүйек айларында Атырау облысы мен Жапония елі арасындағы тауар айналым - 19,1 млн.АҚШ долларын құрады. Тауар айналымының басым бөлігі импортқа тиесілі. Қазіргі таңда облыста жапондық 2 кәсіпорын жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT