Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекте басталады

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 27 технологиялық қондырғыда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекте басталады. Қазір зауытта жанармай қоры жасақталып жатыр.

Зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратовтың мәліметінше, негізгі мақсат – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін, бақылау-өлшеу аспаптарын куәландыруға байланысты жоспарлы жөндеу жүргізу.

«Біздің зауытта мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды тізбегі бар. Бұл нысандардың кезекпен тоқтатылып, іске қосылуына ықпал етеді. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жөндеу жүргізу кезінде зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастыра береді. Бұл кезде зауыт жұмысы толығымен тоқтатылмайды», -дейді Мұрат Досмұратов.

Оның айтуынша, зауытты тұрақты жұмыс режиміне көшіру қарашаның бірінші онкүндігіне дейін жүзеге асырылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521