АМӨЗ-де азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде кеңес өтті

Атырау мұнай өңдеу зауытында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ-ның еншілес компаниялары өкілдерінің қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылатын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша кеңес өтті. Жиын басында сөз алған ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің өндірістік қауіпсіздік басқармасы басшысы Айса Өтепов кездесудің басты мақсатын айтып, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласындағы іс-шаралардың тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

«Талдау көрсеткендей, Атырау мұнай өңдеу зауытында азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстар сапалы атқарылған, сонымен қатар мұнда қорғану ғимараты да бар. Азаматтық қорғаныс құралымының дайындық деңгейі мен қорғану ғимараттарының жағдайы кәсіпорындарда осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді», - деді ҚМГ өкілі.

Кеңес барысында 2023 жылы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында жүзеге асырылған іс-шаралар қорытындыланып, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ 2024 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар қаралды.

Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылаудан кейін кеңеске қатысушылар АМӨЗ аумағындағы азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарымен, олардың функционалдық мүмкіндіктерімен және жабдықтандыру деңгейімен танысты.

Іс-шара соңында зауыттың азаматтық қорғау құралымы төтенше жағдайларды жоюға даярлықтарын көрсетті. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT