8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытында қызмет ететін қыз-келіншектер құрметке бөленді. М.Асаубаева атындағы креативтік орталықта ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған кәсіпорын бас директорының орынбасары-бас инженер м.а Еркін Сүлейменов нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, күрделі өндірісте ер адамдармен қатар қызмет атқарып, зауыттың дамуына айрықша үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегін ерекше атап өтті.
Е.Сүлейменов қыз-келіншектерге мінсіз қызметтері үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Салтанатты жиын барысында зауыттың 34 қызметкері кәсіпорынның бас директорының міндетін атқарушы, зауыттың кәсіподақ ұйымының төрағасы, Атырау облыстық мәслихат төрағасы, сондай-ақ облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара қазақстандық танымал өнер ұжымының концертімен жалғасты.
АМӨЗ-де аруларға құрмет көрсетілді
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 891