Аймақта ыстықтай мырыштау цехы іске қосылады

Былтыр серіктестіктің өндіріс көлемі 8 млрд теңгені құрады.

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Биыл Атырау облысында ыстықтай мырыштау цехы іске қосылғалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысындағы «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-нің зауытында ғимараттар мен эстакадалар, көпірлер, фермалар, тіректер мен модульдер, көлемі 20000 текше метрге дейінгі резервуарлар, ыдыстар, реакторлар, шырақты жүйелер, мұнаралар, көтергіш жабдықтар, сонымен бірге кез келген күрделі құбырлы бекіткіш жобаланады. Бұлардың бәрін серіктестік мамандары 80 мың шаршы метр аумақта орналасқан өндірістік базада дайындайды.

Былтыр серіктестіктің өндіріс көлемі 8 млрд теңгені құрады. «Сaspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС бас директоры Нүркен Есқалиевтың айтуынша, кәсіпорынның өндірістік базасында жылына 24 мың тонна металл конструкцияларын шығаруға болады.

«Біз 2016 жылы реконструкциялаудың бірінші кезеңін аяқтадық. Соның арқасында зауыттың өнімділігі 10 есеге артты. Қазіргі уақытта кәсіпорында 450 адам жұмыс істейді. Біздің тапсырыс берушілеріміз – Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ кен орны секілді өңірде жұмыс істейтін ірі операторлар. Бұл жобалардағы компаниялардың барлығы ­– біздің өніміміздің тұтынушылары. Биыл біз ыстықтай мырыштау цехын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жеткізушілер нарығындағы металл құрылымдары мен технологиялық жабдықтардың кешенді жеткізушісі ретіндегі позициямызды күшейтуді көздейміз» - дейді Нүркен Есқалиев.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521