40 студентті тұрақты жұмысқа алды

«Ембімұнайгаз» басшылығы мамандар таңдау мәселесіне баса назар аудару үстінде.

Әсіресе білім мен өндірісті ұштастыра білетін студент-жастарды көптеп тартуы компанияның болашағы зор, перспективасы жоғары екенін айғақтайды. Бұл ретте ембілік мұнайшылар Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, аймақтағы дуальды оқыту жүйесінің дамуына зор үлес қосып жүр. 2015 жылдан бері Атырау мұнай-газ университеті мен АПЕК Петротехник колледжі, Ресейдің Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетімен меморандумға отырып,бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Соған сәйкес, осы уақытқа дейін атыраулық және қазақстандық 97 студент қоғамға қарасты басқармаларға тәлімгер ретінде уақытша жұмысқа қабылданды. Олар өз білім ордасында 14 күн оқып, 14 күн «Ембімұнайгаздың» кен алаңдарында ауысымдық әдіспен жұмыс жасап, оқу мен тәжірибені қатар ұштастырды. Универдің білім бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер «Ұңғымаларды зерттеу операторы», «Мұнай-газ өндіру операторы», «Техникалық қондырғының операторы», «КИПиА дәнекерлеушісі» мамандықтарынан арнайы кәсіби біліктілікке ие болды.

Мұндай жастар дипломмен бірге тәжірибе де жинақтап, қолына еңбек кітапшасын да ұстап шығады. Әрине, арасында компанияға тұрақты жұмысқа орналасқан жастар да аз емес. Тестік сынақтан жоғары балл жинақтаған 40 студент «Ембімұнайгазға» қызметке қабылданды. Бүгінгі таңда оқуын жалғастырып жатқан 39 студент дуальдық оқытумен компания кен орындарында еселі еңбек ету үстінде. Олардың 19-ы Атырау мұнай-газ университетінен болса, 20-сы - АПЕК Петротехник колледжінен келгендер.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521