2,8 млрд теңге айыппұл арқалады

Теңіз кенішінде Үшінші буын зауытын іске қосқалы жатқан «Теңізшевройл» компаниясына 2023 жылы түрлі экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 2,8 млрд теңге айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысы бой- ынша экология департаменті.

"2023 жылы Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" ЖШС- ның қоршаған ортаға экологиялық эмиссияларды рұқсатсыз шығарғанын, рұқсат етілген нормативтерден асырып жібергенін және жерді бүлдіргенін анықтап, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды", - деп жазылған хабарламада.

Осыған орай, Атырау облысы бойынша экология департаменті "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасақтап, оны қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады. Аудандық сотта жоғарыда аталған істер біріктіріліп қаралды. Нәтижесінде "Теңізшевройл" ЖШС-не жалпы сома- сы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бірақ баспасөз хабарламасында айтылғандай, компания соттың бұл шешімімен келіспей отыр. Өйткені, ТШО басшылығы Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес Атырау облысы бойынша экология департаментіне Теңіз кен орнында белгілі бір қызметтерді орындайтын мердігерлік мекеменің шығарындылар көрсеткіштері туралы ақпаратты уақтылы жібергенін мәлімдеді.

«Тиісті мемлекеттік орган бастамашылық еткен әкімшілік жаза ТШО-ның көптеген мердігер ұйымдардың қоршаған ортаға әсері туралы деректерді енгізу үшін бөлінген қысқа мерзімдеріне байланысты. ТШО бұл шығарындылар рұқсат етілген шектен асып кетудің немесе экологиялық оқиғалардың салдары еместігіне сендіреді. ТШО- ның өндірістік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға әсері 2021 жылы тиісті мемлекеттік органдар бекіткен лимиттер шеңберінде қалды», - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521