Республикалық «Асыл домбыра - 2023» ақындар айтысының іріктеу кезеңі Жылыой ауданында өткен болатын.
Іріктеуде жылыойлық Сырымбек Сәрсембаев пен Ақтаудың айтыскері Ердаулет Сардармен айтысып, жылыойлық айтыскер финалға жолдама алды. Ақсуатта өткен ақтық айтыста жерлесіміз Сырымбек Сәрсембаев жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жерлесімізді айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Облыстың, ауданның намысын қорғап қайтқан айтыскер ақынымызға алдағы уақытта да айтыс өнерінде биік белестерді бағындыруды тілейміз. Шығармашылық табыс тілейміз!