Жылыойлықтар патриоттық челленджді жаппай қолдауда

25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастырылған "Қыран елім - Қазақстаным" атты патриоттық акциясы аясында №13 жалпы орта білім беретін мектепте "Патриотизм даусы" республикалық жаппай гимні орындалды.

Жылыойлық білім беру ұйымдары патриоттық челленджді жаппай қолдау үстінде. Оған себеп, білім беру мекемелері оқушылармен сапқа тұрып Қазақстан Республикасының гимнін шырқауда.

№13 жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздары Республика күнімен құттықтап, маңыздылығын айшықтап, бүкіл Қазақстан қолдап жатқан "Патриот даусы" челленджіне белсене араласты. 1-11 сынып аралығындағы оқушылар мектеп алдына жиылып әнұранды әуелете шырқады.

Адамзат жүрегін патриоттық сезімге бөлеп, ерекше әсер қалдыратын мерекеге Жылыойлықтар белсене қатысуда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521