Жылыойлық өнерпаздар халықпен бірге!

Олар 450 бетперде тігіп, аудан тұрғындарына тегін таратты.

Індетпен күрес кезінде аудан өнерпаздары өз үйлерінде болса да әлеуметтік желі арқылы халықты рухани демеу мақсатында онлайн концерттер беруде.

Жақында олар «Біз біргеміз» акциясына үлес қосып, композитор Қуаныш Бекеновтың ақын Лұқпан Сисекеновтың сөзіне жазылған туындысы «Кең Жылойым» әнін бірлесе шырқаған бейнежолдауларын жариялады. Оны еліміздегі мыңдаған көрермендер тамашалады.

Мәдениет бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері осындай қиын шақта қайырымдылық істерімен де айналысуда. Олар 450 бетперде тігіп, аудан тұрғындарына тегін таратты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521