Ол "Ең үздік авторлық қойылым" номинациясын жеңіп алды.
⠀ Еліміздің шығысында тұңғыш рет хореографиядан I Республикалық онлайн байқау ұйымдастырылған болатын. Оған еліміздің 15 ірі қалаларынан 46 кәсіби би ұжымдары қатысқан болатын. ⠀ Байқауға қатысқан Жылыой ауданының "Жем аруы" халықтық би ансамблі, балетмейстері Шегенбаева Мағрипа Қопалқызы "Ең үздік авторлық қойылым" номинациясын жеңіп алды. Халықтық би ансамблінің жетекшісіне диплом және 200 мың теңге көлемінде сертификат табысталды. ⠀
Естеріңізге сала кетсек, хореографиядан I Республикалық онлайн байқау Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен болатын. ⠀
Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі