banner_damu

Жылыойлық Алтынгүл «Үздік экскурсовод» атанды

Алматыда «Mузей FEST-2021» республикалық онлайн акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Акцияны «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМКҚ, «Ұлы Дала» отандық компьютерлік техника өндіруші компаниясы ұйымдастырды. Байқаудың 1, 2, 3 орын және «Жеңіске деген ынта» жүлдесінің иегерлері анықталды.

«Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша:

І орын – Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі, экскурсоводы – Айдана Мекемова;

ІІ орын – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, экскурсоводы – Гүлден Аққошқарова;

ІІІ орын – «Атамұра» КМҚК Жылыой аудандық музейі, экскурсоводы – Алтынгүл Тұрсынова;

«Жеңіске деген ынтасы үшін» - Түркістан қаласы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, экскурсовод – Әмина Егізбаева мараптталды.

«Үздік ғылыми қызметкер» номинация бойынша:

І орын - Карағанды областық өнер музейінің ғылыми қызметкері – Айгүл Омарова;

ІІ орын - Қызылорда облысы Қорқыт ата музейінің ғылыми қызметкері – Олжас Биғалиев;

ІІІ орын - С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалды музей кешені, ғылыми қызметкері – Назгүл Алтаева;

«Жеңіске деген ынтасы үшін» - Ақмола облысы, Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Балым Серікқызы марапатталды;

«Үздік ауылдық музей» - Маңғыстау облысы мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Серікбол Қондыбай атындағы «Мемориалдық музейі» МКҚК жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздар Алматы телеарнасының «Таңғы студия» бағдарламасында марапатталды.

inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика