Олар байқауға "Мезгілсіз сөнген жұлдыздар" қойылымын жолдаған еді
Мамыр айының 11-13 аралығында Атырауда "Шынайы шымылдық" халықтық театрлары мен драма үйірмелері онлайн фестиваль байқауы өтті. Байқауға Атырау қаласы мен аудандардың мәдениет үйі жанындағы театр ұжымдары қатысқан болатын.
Байқау қорытындысына сәйкес Жылыой ауданының "Жастар театры" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Мезгілсіз сөнген жұлдыздар" қойылымымен II орынды иеленді. Режиссері: республикалық "Жастар театры" актрисасы Айтбаева Әсел, театрдың көркемдік жетекшісі: Мағрипа Шегенбаева.
Театр ұжымы тамыз айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық халықтық театрлар байқауына жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек аудандық "Халықтық театр" қорында бірнеше қойылым бар. Қойылымдарды қарапайым мәдениет үйінің қызметкерлері сомдап жүр. Ал театр ұжымы "Халықтық" деген атағын 2008 жылы иеленген болатын. Жалпы ауданда "Халықтық" атағына ие үш мәдени ұжым бар, бұлар: Ұлт аспаптар оркестрі, "Жем аруы" би ансамблі және Жастар театры.
Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.