Жылыойдың көне музыкасын тірілткен ғалым

«Жылойдың таңғаларсың қызын көрсең» деп бағзы әндерде әспеттелген әсем арулар бүгінде де арамызда бар.

Олар тек ажарымен ғана емес, өнерімен, ақылдылығымен, еңбекқорлығымен де елді таңғалдырған. Сондай арулардың бірі - Бақыт Жолдыбайқызы Тұрмағамбетова.

Музыкатанушы ғалым Қазақстанның батыс өңірінің, соның ішінде Жылыойдың халық әндерін зерттеп, бұрын беймәлім боп келген шығармаларды тауып, жариялап, көптеген сүбелі ғылыми кітаптар жазды. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында басылып шыққан «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 1 томына «Батыс Қазақстан әндері» тарауын құрастырушы ретінде атсалысқан болса, жуырда Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен «Ән қайнары – Кең Жылой» атты еңбегі қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Зерттеу жұмыстарымен айналысып қана қоймай, ұлттық қазынамыздың қорын сол көне әндермен толықтырып, оны қазіргі әншілер репертуарына да енгізді. Сахнада дәстүрлі ән, терме орындаушылардың концерттерін ұйымдастырып жүргені – бөлек әңгіме. Осындай тынымсыз тер төккен еңбек елеусіз қалмады.

Еліміздің мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген Бақыт Жолдыбайқызы "Үздік ғылым қызметкері" төсбелгісімен марапатталды. Ғалымды облыстық халық шығармашылығы орталығы мен М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұжымдары, барша жерлестері осы марапатымен құттықтауда.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521