Жылыойда ақын Әлия Дәулетбаеваның шығармашылық кеші өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде "Ембімұнайгаз" АҚ жанынан құралған "Мұнайшы қыз" клубының ұйымдастыруымен  поэзия кеші өтті.

Ғасыр көшінде 100 жылдық тарихы бар "Ембімұнайгаз" АҚ мерейтойына орай ұйымдастырылған кеш Атыраулық ақын,  халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Әлия Дәулетбаеваның шығармашылығына арналды.

"Өлеңмен өрілген өмір" атты поэзиялық кешке  "Ембімұнайгаз" мекемесінің басшылығы, Жылыой өңіріндегі  іргелі кәсіпорын "Жылыоймұнайгаз" ұжымы   қатысты.

Кеш шымылдығын "Ембімұнайгаз" АҚ бас директорының орынбасары, "Мұнайшы қыз" клубының төрайымы Рысты Тасмағамбетова ашып, барша мұнайшыларды құттықтады.

100 жылдық тарихы бар "Ембімұнайгаз" АҚ биыл ғасыр тойын тойлап жатырмыз. Мұнайлы мекеніміз ақындардың, жыршылардың мекені. Осыған орай, Атыраулық ақын Әлия Дәулетбаева шығармашылығымен таныссын деген мақсатта осындай кеш ұйымдастырдық",-деді ол

Жыр кешінде мекеме өнерпаздарынын есті әндері тыңдалып, ақынның өлеңдері оқылды. Оқырманның жүрегінен орын алған "Сол бір сәуле" атты өлеңінің авторы ақын Әлия Бекежанқызы да өз өлеңдерін тебірене оқып, көрермен жүрегіне жеткізе білді.

Сондай-ақ мәдени кеш қонақтары арқалы ақынға сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Әсем ән мен әуелеген кешке ұласқан поэзия кеші әдеби-музыкалық кешпен жалғасын тапты.

 

А.Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521