ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жылыой ауданында ауданның 95 жылдық мерейтойы аясында, халықаралық би күніне және ҚР Халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызының 75 жылдық мерейтойына орай «Би өрнектері - 23» аттыоблыстық би байқауы өтті.

Байқауға 12 би ансамблі қатысып, өзара бақ сынасты. Би жарысы «дәстүрлі сюжеттік қазақ биі» және «заманауи үлгідегі қазақ биі немесе әлемдік ұлттар биі» атты 2 кезең бойынша өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Жылыой ауданының «Жем аруы» халықтық би ансамблі бас жүлдені иеленді. Атырау қаласынан келген «Жайық қызы» халықтық би ансамблі І орын, Индер ауданының «Аққайың» үлгілі би ансамблі ІІ орын және атыраулық «Жұлдыз» халықтың би ансамблі мен мақаттық «Еркем-ай» үлгілі би ансамблі иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT